Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕРТЕГІШІ АЛТЫНАЙ

ЕРТЕГІШІ АЛТЫНАЙ

  «Әже, менің кітабым шықты. Міне, қолыма алдым». Бұл – бала жүректің қуанғаны деп біліңіз.
– Алтынай қызымның кітабы бәріміздің де арманымыз еді. Осы күнге де жеттік. Немеремнің қалай шаттанғанын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Аллаға шүкір, оның қуанышы жүрегімізді толқыта түскенін несіне жасырамыз, – деді әжесі Шолпан Шәріпбайқызы.
Еліміздегі ең жас жазушыны білесіз бе? Ол – небәрі 7 жасынан бастап,      ертегі жазып, есімі елге мәлім болған қызылордалық Алтынай Берік. Биылғы жыл басындағы жақсы жаңалықтың бірі – талабы зор өреннің жарыққа шыққан алғашқы. Бүлдіршіндерге арналған жинақ «Ертегілер» деп аталады.
Жаңа туындының бір данасы Елбасына арнайы жолданды. Естеріңізде сала кетейік, Алтынай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан атасына мереке күндері құттықтау хат жолдаған еді, оған Елбасы алғыс білдіріп, естелік сый ретінде  кітап жіберген еді. Былтыр оны облыс әкімі арнайы қабылдап, оның кітап шығаруына қолдау білдіретінін айтқан еді.
Біршама айдан соң жаңа туындысы 1000 дана болып шықты, 60 беттен тұратын кітапқа 32 ертегі мен өлеңдері, қолымен салған суреттері енді. Алғашқы бетінде ақын, Қазақстанның құрметті журналисі Әскербек Рахымбекұлының алғы сөзі жазылған.
  Алтынайдың өзге өрендерден болмысы бөлек. Бала күнінен қолынан қағазы мен қаламы түспеді. Үнемі ой үстінде жүргенің көресіз. Оның жасындағылар ойын баласы болса, Алтынайдың ойы басқа еді. Ойы ұшқыр, өздігінен әңгіме, ертегі құрастыратын балғын қыз қазір №267 орта мектептің 6 сынып оқушысы. Өскенде елге танымал ақын, жазушы болуды армандайды. Кішкентайынан асқақ арманы алдамады. Болашаққа үлкен үмітпен қарайды.
Бүгінде оның топтамасында 40-қа жуық ертегісі бар. Көбісі жан-жануарлармен байланысты. Мәселен, «Ақ көжек», «Мөлдір бұлақ», «Қызыл қораз», «Түйе», «Қамқорлық» сынды туындылары республикалық байқауда орын алып жүр. Тіпті, «Балапан» телеарнасынан оның ертегілері көрерменге жол тартқан. Телеарнаның бес жылдығына орай жарық көрген «Менің ғажайып ертегілерім» атты жинаққа «Ұқпасқа айтқан сөз жетім» деген шығармасы енді.
– Алтынай қазірге дейін түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып келеді. Алғашқы жүлдесін «Жас өркен» серіктестігі ұйымдастырған бәйгеге қатысып, Алматыдан жүлдені арнайы алып қайтты. Өзі көп балалы отбасынан шыққан. Ол ерекше зерек, оқуда да озат, – дейді әжесі немересімен мақтана.
Күніне бірнеше рет жаңа кітабына сүйсіне қарап қоятын Алтынайдың да айтары бар.
– Ең алғаш «Ақкөжек» ертегісін жаздым. Оқырман жылы қабылдап, көпшілік көңілінен шықты. Одан әрі шабыттанып, біршама туындыларым жарық көрді. Арасында Елбасына құттықтау хатын жолдаған едім. Нұрсұлтан ата маған екі рет кітабын жіберді. Оған бір қуандым.
Әжем екеуміз облыс әкімінің қабылдауында болдық. Ол кісі мені жылы қабылдап, ертегілерімді топтастырып, замандастарыма жеткізетінін айтты. Одан бір марқайып қалдым. Міне, жыл басында кітабым шығып, қолыма алып, төбем көкке жеткендей әсерде болдым. Енді өзім аймақ басшысына алғысымды айтып, жаңа жинағымды апарып тапсырамын деп отырмын, – дейді кейіпкеріміз.
Иә, балаға құнды қасиеттер ана сүті арқылы дариды. Анасы Айзада –  жеті перзент сүйген алтын құрсақты жас ана. Әкесі Айбек те текті әулеттің ұрпағы. Үйдің үлкені болған соң Алтынай ізінен ерген бауырларына қарайласып әрі әжесіне де қолғабыс етеді. Талантты қыздың таудай талабына бізде тілекшіміз.
Ал, «Ертегілер әлемі» кітабы алдағы уақытта сатылымға болады. Сондай-ақ, жас жазушы жарқын шабытпен екінші кітабын шығаруды жоспарлап жүр.
                                                                                                                        Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
12 ақпан 2018 ж. 1 994 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам