Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРМАҚШЫДА 233 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ҚАРМАҚШЫДА 233 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

  Бұл туралы Қармақшы ауданы кәсіпкерлері алдында есеп берген Кәсіпкерлер палатасының Қармақшы аудандық филиалының директоры Абзал Шоқбаров айтты.
Есепті кездесуге Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов, аудандық әкімдік басшылығы мен прокурор, кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы және аудан кәсіпкерлері қатысты.
Филиал директоры жыл ішінде қармақшылық 750 азамат Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан кеңес алып, 175 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілгендігін, 107 азаматқа бизнес жоспар жасалып берілгендігін айтты. Сондай-ақ, 9 айда 61 аудан тұрғыны «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында біліктілігін жетілдіріп, 107 тұрғын «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында білім алғандығын жеткізді.
Нәтижесінде ауданда 9 айдың ішінде Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиал қызметкерлерінің көмегімен мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 756 млн.675 мың теңгені құрайтын 233 жоба қаржыландырылған.
Соның ішінде, «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқу курсынан өткен 107 азаматтың 28-інің жалпы құны 75,7 млн.теңге тұратын жобалары «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалымен қаржыландырылса, «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша қысқа мерзімді курс оқыған 6 азаматтың жалпы құны 21,8 млн.теңгені құрайтын жобасы жеңілдетілген несие қаражатына қол жеткізді.
Сонымен қатар, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржылық ұйымымен жалпы құны 34,750 млн.теңгенің 9 жобасы қаржыландырылды.
Ал «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 10 қармақшылық азамат екінші деңгейлі банктер арқылы 178,5 млн.теңге несие алған.
Филиал директоры Абзал Шоқбаров кездесуде мемлекеттік бағдарлама аясында жыл ішінде грантқа ие болған қармақшылық азаматтардың бар екендігін жеткізді. Атап айтқанда, облыс әкімдігімен жарияланған кәсіпкерлік саласындағы гранттар бойынша 14 аудан тұрғыны 10 млн.825 мың теңге грантқа ие болған.
Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының сүйемелдеуімен 2017 жылы ауданда 7 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Нәтижесінде құрылған кооперативтер «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ң Қызылорда облыстық филиалы арқылы «Ырыс», «Береке» бағдарламалары аясында 5 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің 164 мүшесі 435,1 млн. теңге несиеге қол жеткізді.
Есепті кездесуде, мемлекеттен көмек алып, кәсібін бастаған, жүргізіп отырған азаматтар қолдауға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Айта кету керек, кәсіпкерлердің алдындағы есеп беру барлық ауданда жүргізілетін болады. Бұған дейін Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы Кәсіпкерлер палатасының филиал директорлары есеп берген болатын. Ендігі кезекте мұндай кездесу Жалағаш ауданында өтеді деп күтілуде.
13 қазан 2017 ж. 2 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30