МҰЗ ЖІБІГЕН ЖОҚ, САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте құтқарушылар облыс халқын табиғи су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
– Өткен жылы 4 өкінішті жағдай болды. Қазіргі уақытта өзен-көлдердің мұзы әлі жібіген жоқ. Десе де, біз бақылауды күшейттік. Құтқарушылар тобы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын үздіксіз жүргізіп келеді, – деді «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ басшысы Бақыт Ембергенов.
Биыл аудандық көліктік бақылау инспекциясы, ішкі істер және төтенше жағдайлар бөлімдері бірлесіп 4 рет рейд өткізді. Одан бөлек, облыс мектептерінде интерактивті сабақтар ұйымдастырылып, видеороликтер көрсетіліп, үнпарақтар таратылып жүр.