ҚЫЗЫЛОРДАДА СТАРТАП ЖОБАЛАРДЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
Облыстық мекемелер үйінде «Hack Day» фестивалі шеңберінде іріктелген IT-технологиялар, кәсіпкерлік, туризм және басқа да әлеуметтік маңызы бар салалардағы инновациялық жобалар көрмесі болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев стартап жобалар авторларымен кездесті.
«Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында алдымызға 10 негізгі міндетті қойды. Президент цифрландыру саласына және барлық салаларда еңгізілуі тиіс ақпараттық технологиялық шешімдерге ерекше назар аударып отыр. Сіздердің жобаларыңызбен танысып, IT-технологиялар саласында әлеуетіміз зор екенін көрдім. 2018 жылы аймақтағы кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударатын боламыз.Стартап жобаларды қолдау үшін бізде барлық ресурстар бар. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында конкурстық негізде 3 миллион теңгеге дейін гранттар бөлінеді.Ағымдағы жылы біз 200 млн.теңге есебінде мемлекеттік грант бөліп, жастар ресурстық орталығын аштық.Келіңіздер, қатысыңыздар және бизнес-жоспарларыңызды жүзеге асырыңыздар.», - деп аймақ басшысы тиісті сала басшыларына жас таланттарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.
Стартап-жобалар көрмесіне «Hack Day» байқауының жеңімпаздары, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Мысалы, мектеп оқушылары мен студенттері автоматтандырылған жылыту және жарықтандыру жүйелері бар «ақылды аялдама» жобаларының прототипін жасап шығарған. Сонымен қатар, әр түрлі қызметтер үшін алдын-ала тапсырыс беру (мейрамханаларда орындарды таңдау және тағамдарды интернет арқылы тапсырыс беру және т.б), мұқтаж жандарға көмек көрсетуді жеңілдету үшін «Qamqor» бағдарламасын, сонымен қатар, жастар үшін әлеуметтік маңызы бар бейнероликтер түсірілген.
ТОО «RG Brands Kazakhstan» қызметкері Нұрбек Жүсіп жазбаларды кириллициадан латын әліпбиіне және керісінше онлайн түрінде ауыстыратын қосымшаны жасақтаса, Нұрлыбек Мұхамедияр мен Асқар Құрмаш сатушы мен сатып алушылар үшін ыңғайлы сауда орны жобасын ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, 18-19 желтоқсанда Қызылордада алғаш рет «Hack Day» идеялар фестивалі өткен болатын. Оған 400-ден астам жас таланттар қатысты. Олар қазіргі заманғы технологияларға қызығушылық танытатын мектеп оқушылары, жоғары және орта оқу орындарының студенттері, программистер мен жастар. Екі күн ішінде 48 сағат бойы фестивальға қатысушылар командаларға бірігіп, жобалардың протипін әзірледі. Фестиваль қорытындысы бойынша, үш секциядан 127 идея ұсынылды.