Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛАҢЫ ӨТТІ

"НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛАҢЫ ӨТТІ

Қызылорда қалалық партия филиалының ұйымдастыруымен өткен ашық пікір алаңында бизнес ортаны жақсарту және кеңейту мәселесі талқыланды.
Шараға «Нұр Отан» партия Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов, Қызылорда қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жанмұрат Сейілов, «Жабдықтау» ЖШС-ның директоры Алтынбек Сүйінтайев, Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандары, кәсіпкерлер және жастар қатысты.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында ел дамуына ерекше үлес қосатын кәсіпкерлік саласына үлкен басымдық беріп отыр. Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету. Оны орындау үшін түрлі қадамдар жасалуы қажет. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек» - деп атап өтті жиын барысында қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов.
Сондай-ақ қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елбасы Жолдауындағы бизнесті дамытудағы жеңілдіктерге тоқталды.
- «Елбасы өзінің биылғы жылғы халыққа Жолдауында микрокредиттер көлемін 16 млн теңгеге дейін ұлғайтуды жүктеді. Бұл өз кезігінде отбасылық кәсіпкерлікті дамытуға жасалып отырған мүмкіндік. Екіншіден, бизнес ортаны жақсарту және кеңейту жөнінде фискалды орган өкілдері алдына бірқатар міндеттер қойды.Нәтиіжесі биылдан бастап жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу жеңілдетілді»-деді Шәріп Әбдірахманов.
Жиын барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары аясындағы жұмыстарға тоқталып өтіп, қаржының игерілуіне тоқталды.
- «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өңірімізде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,619 млн. теңге бөлінді.Осы бөлінген қаражаттар негізінде 2035 жұмыс орны сақталып, сондай-ақ 371 жаңа жұмыс орнын құру жөнінде міндеттемелер алынды.Қазіргі таңда тисіті компоненттер бойынша қаражаттар мақсатты иегерілуде» деді ол.
Кездесу барысында кәсіпкерлер еркін - пікір алмасып, бизнес жолында бастарынан өткен қиындықтарға және жеткен жетістіктеріне де тоқталып өтті.
01 қараша 2017 ж. 1 597 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам