Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДЕМЕСЕҢ КӘСІПКЕРЛІК ТЕ ДАМИДЫ

ДЕМЕСЕҢ КӘСІПКЕРЛІК ТЕ ДАМИДЫ

  Жаңақорған ауданында былтыр шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 3000-нан асқан. Оның ішінде 1000-ға жуығын шаруа қожалықтары құрайды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес ауданда түрлі бағыттағы жобаға несие алу шаралары жоспарланған.
    Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Ғалым Әміреев бұрын жарамсыз күйге түскен егіс танаптарына тнвесторларды тарту арқылы былтыр қайта жандандыруға мүмкіндік алған. Нәтижесінде жоспарланған өнім көлеміне қол жеткізген. Тұрғындардың кәсіпкерлікке деген ынтасы да жоғары. Мәселен, Қожакент ауылдық округіндегі «Миялы» кооперативінде «Ауылшаруашылғын қаржылай қолдау қоры» арқылы арнайы мобильді мал сою цехы құрылған.  Бүгінге дейін жергілікті халықтың басты мәселесіне айналып келген – жол мәселесі де өз шешімін тапқан. «Самара-Шымкент» автомобиль жолы бойынша Аққұм ауылына дейінгі тас жолға жаңғырту ісі қолға алынды.
    Аудан мәдени-рухани шараларды ұйымдастыру жағынан да белсенділік танытып келеді. Қазіргі таңда елге сыйлы қоғам қайраткерлері мен қаламгерлердің мерейтойларын жоғарғы деңгейде атап өту дәстүрге айналған. ҚР киноматографистер Одағының мүшесі, кинодокументалист Қалила Омаровтың 60 жасқа толуы құрметіне арнайы кездесу кеші ұйымдастырылса, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары фольклорлық ансамбльдерінің қатысуымен күй шебері Әлшекей Бектібайұлының 170 жылдығына арналған өнер фестивалі мен өзге де байқаулар өткізілген.
        
                                                                                                                                      Таңшолпан КЕНЖЕБАЕВА
19 ақпан 2018 ж. 1 019 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам