Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КІТАПХАНАДАҒЫ ТУҒАН КҮН

КІТАПХАНАДАҒЫ ТУҒАН КҮН

  Кеше Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Кітапханадағы туған күн» жобасы аясында балаларға арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Туған күн иелері кітапхананың оқырмандары №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің  4«б» сынып оқушылары Құрманғали Мақсат, Тоқтаған Нұрлыбек және Ұлықбек. Шараға туған күн иелерімен бірге ата-аналары, бауырлары және достары қатысты. Балалар кітапханадағы уақыттарын өте көңілді өткізді.
Бұл күні туған күн иелеріне ерекше сый-құрмет көрсетілді. Зал мерекеге сай  әсем безендірілді. Мерекеде туған күн иелеріне құттықтаулар айтып,  жылы лебіздерін білдірді. Балалар ән салып, би билеп, түрлі ойындарға белсене қатысты. Шара соңында туған күн иелеріне кітаптар сыйға берілді, балаларға тәттілер таратылды.
Кітапхана - ол тек қана кітап, журнал сақталатын орын ғана емес, ол - отбасылық бас қосулар мен көңілді кездесулер орны. Қызықты және ерекше өткен «Кітапханадағы туған күн» балалардың есінде мәңгі сақталып қалатын мереке болды. Балаларға осындай қуанышты сәт сыйлаған кітапханаға ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.
21 ақпан 2018 ж. 1 883 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 263 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам