ҒАЛЫМДАР СЕМІЗДІККЕ КӨП ҰШЫРАЙТЫН АДАМДАР ТОБЫН АНЫҚТАДЫ
1980 және 90-шы жылдардың ортасында туылған адамдар бұрынғы ұрпақтармен салыстырғанда семіздікке көбірек ұшырайды. Осы тақырып аясында Ұлыбританияның Cancer Research UK қайырымдылық ұйымы зерттеу жұмыстарын өткізді деп, хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Сарапшылардың пайымдауынша, 1980-1990 жылдардағы ұрпақ өкілдерінің 70 пайызы 35-44 жас аралығында семіздікке ұшырайды екен. Ал дәл осы жас бойынша 1945-1955 жылдары туылған он адамның бесеуі ғана артық салмақ қосқан.
«Миллениалдардың дұрыс тамақтану үрдістерін қадағалайтыны белгілі. Жеміс-жидек, көкөністер мен басқа да пайдалы өнімдерді тұтыну салмақты қалыпты жағдайда ұстап тұруға көмектеседі.Осындай пайдалы дәрумендерге бай табиғи өнімдермен тамақтана отырып, зиянды тағамдардың мөлшерін азайту керек», – дейді зерттеу авторы, профессор Линда Баул.
Сонымен қатар, ұйымда артық салмақ онкологиялық аурулардың, соның ішінде кеуде, ішек және бүйрек қатерлі ісігінің 13 түрін туғызады дейді.
Айта кетейік, ақпан айының ортасында жапон ғалымдары дене салмағының көрсеткіші мен тамақтану жылдамдығының арасындағы байланысты анықтап, өз зерттеулерін ұсынды. Зерттеушілердің айтуы бойынша, тағамды жылдам сіңіру семіздікке әкеледі екен.