ГОЛОВКИН «КАНЕЛОМЕН» АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕ ДАЙЫН БОЛМАҒАНЫН МОЙЫНДАДЫ

Бұл біраз таңдандырды. Мүмкін, мен әрбір раундқа дайын болмаған шығармын. Айқастың алғашқы жартысына дайын едім, бірақ екіншісіне емес. Енді екінші жекпе-жекте көбірек драма, көбірек экшн көрсетемін. Өткен кездесуге 100% дайын емес едім, енді дайынмын. «Канело» да солай», - дейді GGG Yahoo! Sports-қа берген сұхбатында. Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы айқас 2017 жылғы 16 қыркүйекте тең нәтижемен аяқталған болатын, ал екінші кездесу 5 мамырға белгіленген.
http://www.inform.kz