Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ TALIS-2018 ЗЕРТТЕУІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ TALIS-2018 ЗЕРТТЕУІ

  Қазақстанда алғаш рет мұғалімдер корпусының Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының халықаралық TALIS-2018 зерттеуі өтпекші.
Зерттеуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ақпараттық-талдау орталығының" аға қызметкері Г. А. Бағланова қатысуда.
2018 жылдың 26 ақпан мен 31 наурыз аралығында Қазақстанда алғашқы рет Халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуі (TALIS) өтеді. Зерттеуге Қазақстанның 331 мектебі халықаралық іріктеуден өтті. Зерттеуге әр мектептен бір директор және 20 шақты кездейсоқ іріктелген ұстаз қатысады. Мектептердің репрезентативті іріктелуі Халықаралық зерттеу консорциумымен анықталды. 331 мектептің директорлары мен оның мұғалімдерінің сауалнамаға берген жауаптары барлық мемлекеттік педагогтардың дауысын білдіретін болады. Қазақстаннан басқа аталмыш зерттеуге 47 мемлекет қатысады.
TALIS- 2008 жылдан бастап, әр 5 жыл сайын өтетін әлемдегі мұғалімдер корпусының ең үлкен халықаралық зерттеуі болып табылады.  Зерттеу мұғалімдердің қызметіне, инновациялылығына, еңбек жағдайына, әлеуметтік статусына сырттан салыстырмалы  баға береді.  Сондай-ақ, зерттеу барысында мектептегі көшбасшылыққа және ахуалға талдау жүргізіледі. TALIS қиындықтарды анықтап, 48 мемлекеттің ұстаздар корпусын жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды. Жобаны Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы үйлестіреді.
TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері 2019 жылдың маусым айында жарияланады. Қазақстандық мұғалімдер, директорлар жайлы және де олардың еңбек жағдайлары туралы алғашқы рет объективті әрі басқа елдермен салыстырмалы деректер алынатын болады. 
Зерттеу мектеп мұғалімдері мен директорлардың дауысын ұлттық және халықаралық деңгейде естілуіне мүмкіндік береді. TALIS зерттеуінің нәтижелеріне қарай, қатысушы елдер оқытуға тиімді жағдай туғызу мақсатында өз білім саясатын қайта қарастырып, дамудың жаңа басым бағыттарын анықтайды.
Мысалы, TALIS-2013 зерттеуінің нәтижесінде Шанхайдағы мұғалімдердің жалақысы 10% көтерілді. Аустралияда жоғары оқу орындарында жаңа педагогикалық дайындық бағдарламалары ашылып, кәсіби стандарттар жаңартылды. Италияда «Жақсы мектеп» бағдарламасының аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қосымша ақша бөлінеді және әр мұғалімнің нәтижелігіне қарай төленетін жалақы беріледі. Англияда тексерістен «жақсы» бағаға өткен мектептерде үш жылда бір күн өтетін «қысқа мерзімді тексерістер» енгізілді.
27 ақпан 2018 ж. 1 756 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам