Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҚ

СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҚ

  Ағымдағы жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша  Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 500 текше метр су жіберілуде. Оның секундына 300 текше метр суын Көксарай су реттегіші алып отыр. Облыс аумағына секундына 220 текше метр су келіп түсуде. Сәйкесінше, Қызылорда су торабынан секундына 270 текше метр су өтуде. Солтүстік аудандарда Сырдария өзені бетінде толықтай мұз қатса, оңтүстік аудандарда ауа райының жылынуына байланысты сең қозғалысы басталуда.  Мұздың орташа қалыңдығы 20-60 см құрайды.
Су тасқынына қарсы жұмыстарға пайдаланылатын материалдық-техникалық қорлар бойынша барлығы 148 тонна жанар-жағар май қоры және 409 000 дана қап сақтауда тұр. Сондай-ақ, 10 400 бау қамыс, 3 800 дана пашын және 3 600 қарабура мен т.б. қажетті материалдар қорлары жасақталған. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы мен аудандарда тасқын су кезеңінде 156,0 мыңға жуық адамды көшіруге арналған 83 эвакуациялық жинақтау және 104 қабылдау пункттері дайындыққа келтірілген. Шұғыл қажеттіліктерге 2 тікұшақ әзірлікте тұр және мұз жару жұмыстарына арнайы мекемемен келісім-шарт жасалынған.
Ағымдағы жылға су тасқынының алдын алу мақсатында облыс бюджетінен және жергілікті атқарушы органдар резервінен тиісті қаржылар қарастырылып отыр. Сонымен қатар, облыстың азаматтық қорғау қызметтері мен авариялық құтқару қызметтері күшейтілген режимге көшірілді. Жалпы бүгінгі күнгі жағдай бойынша облыс көлемінде орналасқан елді мекендерді су басу қаупі жоқ, тұрақты бақылауға алынған.
28 ақпан 2018 ж. 1 480 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам