ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БҮГІН АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН АТАП ӨТЕДІ
Көктемнің алғашқы таңын атырған, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурызда, яғни бүгін бейбітшілік пен достықты кие тұтқан халқымыз Алғыс айту күнін атап өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Айта кетсек, 2016 жылғы 14 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев №173 Жарлыққа қол қойған болатын. Ол Жарлыққа сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурыз - елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды. Дәл сол жылы еліміз өз тарихында тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өткен еді.
www.inform.kz