ӘР ХАЛЫҚТЫ БАУЫРЛАСТЫРАТЫН - ӨНЕР

Кез келген халықтың мәдениеті мен өнері оның басты құндылығы болып саналады. Қай этнос болмасын өзінің өнерімен, мәдениетімен, салт–дәстүрімен ерекшеленеді. Өнерде шекара болмайды. Әр халықты бір–бірімен бауырластыратын да өнер екендігін айқын ұғынамыз. Осыған орай, облысымызда алғашқылардың бірі болып құрылған «Алтын-Арай» халық ән-би ансамбліне 49 жыл толуына орай «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблінің концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылып, өнерпаздардың шеберлігі, қойылымдардың ерекше ой түйіні және олардың көркемдік мазмұны, хореографтар мен орындаушылардың қажырлы еңбегінің нәтижесін халық ыстық ықыласпен тыңдап, зор қошеметке бөледі