Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛБАСЫ: АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНІҢ БАСТЫ МӘНІ - ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ

ЕЛБАСЫ: АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНІҢ БАСТЫ МӘНІ - ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ

    Бүгін Алғыс айту күніне арналған мерекелік шарада ҚР Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Бүгін біз баршамызға ортақ мереке - Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді. Мейірімділік, өзара көмек және бір біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтарды көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушілік бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
  Өз отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді. Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні - тарихи жадыны сақтау, ұрпақ сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту. Бүкіл қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілеймін", - делінген Президенттің құттықтау xатында.

01 наурыз 2018 ж. 1 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам