Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ВЕНГРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕКТОРЛАРЫНЫҢ БУДАПЕШТ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

ВЕНГРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕКТОРЛАРЫНЫҢ БУДАПЕШТ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

  Венгрияның беделді университеттерінің бірінде 2018 жылы 28 ақпан күні Венгрия-Қазақстандық ректорлардың Форумы өз жұмысын бастады. М.Корвин атындағы Будапешт университеті Қазақстан мен Венгрияның 40-тан астам жоо-ң ректорларының басын қосты. Қазақстан мен Венгрия университеттерінің білім технологиялары бойынша ынтымақтастығына арналған мұндай іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Екі тәуелсіз елдің ректорларының диалогы білім кеңістігін жалғастырушы арадағы көпірді нығайтып, бірлескен білім және ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларға жаңа мазмұны беруге арналған. Қазақстандық жоо-ын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың басшылығымен Қазақстан жоо ректорлар кеңесі таныстырды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін университет ректоры т.ғ.д. профессор Қ.А.Бисенов және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Т.Ы.Кеншінбай таныстырды.
Венгерлік жоо-ын Венгрия ректорлары қауымдастығы (Ректорлар конференциясы) - оның президенті, Пеш Университетінің ректоры доктор Джосеф Бодиш және Венгрия ректорлары қауымдастығының Бас Хатшысы доктор Золтэн Дубечи таныстырды.
Венгрия-Қазақстан ректорларының алғашқы Форумына Венгрияның Еңбек ресурстары министрлігінің Мемлекеттік білім министрі Ласло Палковиц мырза, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мырза, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі Бибігүл Асылова, Венгрия ректорлары қауымдастығының президенті, Пеш Университетінің ректоры доктор Джосеф Бодиш қатысып, құттықтау сөздерін сөйледі.
Шығып сөйлеушілер өз сөздерінде қазақстандық-венгерлік сұхбат алаңы зияткерлік интеграция одағын көрсететіндігін, онда индустриалды-инновациялық ынтымақтастықтың қадамдық беталыстары көрсетілетінін айтып өтті. Венгрия мен Қазақстан жоо-ң ынтымақтастық жасауға мүдделілігі екі тарапқа да қажетті болып отыр, сол сияқты қазақстандық жоо басшылары өз университеттерін барынша қызықты етіп көрсетуге тырысты, өз кезегінде, венгерлік әріптестер білім және ғылым салаларындағы өздерінің инновациялық трендтері туралы айтып берді.
Сол күні, Венгрия мен Қазақстан жоо ректорларының алғашқы Форумы аясында Венгрия және Қазақстан жоо арасында келісімшарттар мен меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. Қазақстан жоо ректорлар Кеңесі 20-дан астам келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойды. Венгрия ректорлары Қауымдастығы мен Қазақстан жоо ректорлар Кеңесі арасында өзара түсітінстік туралы меморандум жасалып, оған Венгрия ректорлары Қауымдастығының (Венгрия ректорлары Конференциясы) президенті, Пеш Университетінің ректоры доктор Джосеф Бодиш және Қазақстан жоо ректорлар кеңесінің төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов қолдарын қойды. Бұл құжатта халықаралық білім кеңістігінде екі елдің жоғары білімін интеграциялау мақсатында жоо-ң екіжақты ынтымақтастығына айрықша назар аударылды.
Ректорлар Форумын өткізу барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлектетік университеті екі университетпен Меморандумға қол қойды.
Алдымен Паннония Будапешт университетімен Меморандумға қол қойылды. Университет ректоры профессор Қ.А.Бисенов және Паннония университетінің ректоры профессор Андраш Геленшер екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, қол алысып, бір-біріне Меморандумдарды табыстады. Университет басшыларымен келіссөздер барысында тағы бір мемлекеттік университетпен – дене тәрбиесі университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою туралы қорытынды жасалды. Меморандумға университет ректоры профессор Қ.А.Бисенов және Будапешт дене тәрбиесі университетінің вице-канцлері доктор Габор Лехоц қолдарын қойды.
Меморандумдарға қол қою барысында креативтік идеялар мен инновацияларға ашық, бәсекеге қабілетті, прагматик білім алушыларды дайындауды мақсат тұтқан білім жүйесін институционалдық қайта жүктеу туралы келісімге қол жетті. Әріптестік қатынастар орната отырып, жоо басшылары бакалавриат, магистратура мен докторантурада білім алушылармен алмасуды, сондай-ақ оқытушы-профессор құрамымен алмасуды үдету және білім алушылар мен ОПҚ ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру қажеттігі туралы сөз болды. Тараптар бірлескен білім бағдарламаларын жүргізу керектігі туралы келісімге келіп, бакалвриатта білім алушылар үшін 2+2 схемасы бойынша және магистратурада білім алушылар үшін 1+1 қос дәреже/қоса диплом бағдарламаларына айрықша көңіл бөлді.
Венгрия мен Қазақстан жоо ректорларының Форумы өз жұмысын жалғастыра береді. Сондай-ақ Венгрияның жоғары оқу орындарын аралау, олардың инфрақұрымдарымен және материалдық-техникалық базаларымен танысу, бірлескен жұмыстар бойынша алдағы жоспарларды талқылау, іс-қимыл жоспарларын нақты орындау және әріптестік іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде келіссөздер өткізу жоспарланды.
02 наурыз 2018 ж. 1 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам