АСҚАТ АХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ
Арал ауданында волейболдан 2002-2003 жылдары туылған жасөспірім қыз балалар арасында белгілі спортшы Асқат Ахановты еске алуға арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан басшысы М.Оразбаев қатысып, өз сөзінде №62 орта мектептің түлегі, белгілі волейболшы А.Ахановтың өмір жолына тоқталып, спортшымыздың қалдырған өнегесі мен ізін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында бүгінгі турнирдің жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқандығын тілге тиек етті.
Айта кетейік, биыл ауданымызда XVII мәрте өткізіліп жатқан турнирге еліміздің 5 облысынан 16 команда қатысуда. Жалпы екі күнге жоспарланған жарысқа қатысушы спортшыларымыз Арал қаласындағы №64 орта мектептің спорт залында тартысты ойын өткізуде.