ӘЛЕУМЕТТІК ІНДЕТПЕН КҮРЕС
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік індет» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шара Елбасының «Төртінші революциялық жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы бағытында көрсетілгендей жемқорлықпен күрес пен заң үстемдігін дамыту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатын көздеді. Оған мемлекеттік қызметтік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент қызметкері А.Сәлімжанқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің заң ғылымдарының кандидаты, М.Жүсіпбекова, «Болашақ» колледжінің құқықтану пәнінің оқытушысы Д.Серкебаев пен өзге де сала мамандары, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Жиын барысында жастарға құқықтық мәдениетті көтеретін түрлі бағыт-бағдар берілді. Қоғамдағы әрбір адам заңды белшесінен басқан жемқорларды әшкерелеуді азаматтық парызы санауы тиіс. Шара соңында «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, библиографиялық шолу жасаумен қорытындыланды.
Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ