Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАТУЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

ТАТУЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

  1 наурыз – алғыс айту күніне орай өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Оған «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев пен облыстағы этно мәдени бірлестік мүшелері қатысты.
Осыдан екі жыл бұрын Елбасы Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күнін,1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялады. Кезінде тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне түрлі этнос  өкілдері қоныс аударды. Қасиетті қазақ жері осылайша сан түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналды. Атаулы мейрам – сол азаматттардың қонақжай  халқына деген терең тағзымның белгісі.
Жиын барысында Қазақстан корейлер қауымдастығының облыстық филиалының мүшелері Матвей Цой, Юрий Ким және Еврей этно мәдени бірлестігінің жетекшісі Людмила Ли келіп барша қазақстандықтарға өз алғыстарын білдірді.      
– Қазақ халқы қиын-қыстау заманда басымызға түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Өткенін ұмытқанның болашағы – бұлыңғыр. Сондықтан біз өз өткенімізді ұмытпаймыз. Көктемнің алғашқы мерекесімен баршаңызды құттықтаймын және барша қазақстандықтарға алғыс айтамын, – дейді олар.
Елімізде бүгінде бір шаңырақ астында сан алуан ұлт өкілдері өмір сүруде. Бұл дегеніміз – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналып отырғандығының айғағы.
Фариза МАДИЯРОВА,
ҚМУ-дің IV курс студенті
03 наурыз 2018 ж. 1 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам