Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМЫНЫҢ РУХАНИ, МӘДЕНИ ОШАҒЫ БОЛДЫ

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМЫНЫҢ РУХАНИ, МӘДЕНИ ОШАҒЫ БОЛДЫ

   Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ел тұрғындарын қазақ телевизиясының 60 жылдығымен құттықтаған Е.Қарин осыдан 60 жыл бұрын қазақ телевизиясының негізі қаланып, алғашқы отандық хабарлар эфирге шыға бастағандығын айтады.
«1958 жылы 8 наурызда алғашқы рет эфир сынақ ретінде таратылды, ал 16 наурызда эфир тұрақты түрде таратыла бастады. Қазақ телевизиясының 60 жылдық даму тариxында халқымыздың рухани, мәдени, қоғамдық құндылықтарының дамуына, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына қосқан үлесі өлшеусіз, маңызы ерекше. Әр қазақтың төрінен орын алған көгілдір экраннан сан түрлі құнды дүниелер жарық көріп, қалың көрерменге жол тартты»,-деп жазды ол.
Сондай-ақ Е.Қарин қазақ телевизиясы - қазақ зиялы қауымының рухани, мәдени ошағы болғандығын айтады. Осы қара шаңырақта әр жылдары еңбек еткен зиялы қауым көптеген жас мамандарды тәрбиелеп, болашаққа бағыт беріп, жол сілтеді, отандық телевизия мектебінің қалыптасуына атсалысты. Ұлттық арна әр кезеңде заман ағымына сай өзгеріп, болашаққа қанат қағып келеді.
«Біз әдеттегідей, «Алтын қорда» сақталған телебағдарламалар мен телевизия ардагерлері жайлы бағдарламаларды көрсетуді жалғастырамыз. Онда белгілі күйші және термеші, қазақ теледидарының режиссері Мұрат Кәримуллин жайлы «Жарқын бейне», қазақтың алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова жайлы «Келбет» деген хабарлар көрсетілді. 10 наурызда, 08:20-да және 11 наурыз, 11:25-те қазақ телевизиясының ардагерлері қатысқан «Дара жол», 10 наурыз күні 16:35-те қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналған арнайы хабар, ал 11 наурызда, 17:25-те белгілі журналист Бейбіт Құсанбектің «Өмір-өзен» бағдарламаларын тамашалай аласыздар! Кешегі күн - бүгінгі тарих демекші, кезінде ел мүддесі үшін атсалысқан ардагерлерімізді ұмытпау - біздің парызымыз!»,-дейді Басқарма төрағасы.
Ал, 16 наурызда «Qazaqstan» Ұлттық арнасы қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай, телевизия ардагерлеріне арнап салтанатты жиын өткізбек. «Алдағы уақытта Ұлттық арнаны бұдан да биік асулар күтіп тұр. «Qazaqstan» ұжымы талай белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жететініне сенімдіміз! Баршаңызды Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтоймен құттықтаймыз!»,-делінген Е.Қариннің жазбасында.


08 наурыз 2018 ж. 1 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 084 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам