Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ ШЫРЫНКҮЛ ҚАЗАНБАЕВА ҒАСЫРЛЫҚ ҒҰМЫРҒА ҚАДАМ БАСТЫ

СОЦИАЛИСТІК ЕҢБЕК ЕРІ ШЫРЫНКҮЛ ҚАЗАНБАЕВА ҒАСЫРЛЫҚ ҒҰМЫРҒА ҚАДАМ БАСТЫ

  Қызылордалық Социалистік Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаева ғасырлық ғұмырға қадам басып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шиелі ауданына қарасты Н.Бекежанов атындағы ауылда тұратын абзал ана өнегелі өмірінде еселі еңбегімен елдің елеулісіне айналған. Техниканы да тізгіндеді, жер тырмалап, егін екті. Отағасы Жұмаділда майдан даласынан елге оралғаннан кейін 1947 жылдан бастап егін егуге шықты. Даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың өнегесін көріп өсті. Дегенмен, өзіне серік болған тракторынан қол үзген жоқ. Өзінің қарауына берілген алқапты көктем мезгілінде жыртып, егінді де өзі күтімге алатын. Арық-каналды да тазалайтын. Демалыс дегенді елей бермейтін. Осының нәтижесінде алғашқы жылдарда гектарына 70-80 центнерден өнім алған. Кейіннен ол гектарына 100 центнерге көтерілді. 1972 жылы Социалистік Еңбек ері атағына ие болды. Оған дейін көптеген орден-медальді өңіріне қадап, қаншама мақтау-марапатқа қол жеткізді. Әлі күнге дейін аяулы ана құрмет биігінен көрініп, ел-жұрттың елеулі тұлғасына айналып отыр. «Бүгінгі күнімізге шүкірлік айтамын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Алғашқы жылдардағы ауыртпалықтар артта қалып, еліміз өркендеу жолына түсті. Қазір білімнің заманы. Сондықтан жастарымыз оқу оқып, білім алуға ұмтылғаны дұрыс деп ойлаймын», - дейді Ш.Қазанбаева. 
09 наурыз 2018 ж. 1 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам