Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАНАРМАЙ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАНАРМАЙ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

 Қыркүйек айының соңғы он күндігінде жанар-жағармай бағасының лезде шарықтап кетуіне байланысты өңірде бензин тапшылығы байқалған еді. Қазіргі таңда облыс аумағында орналасқан 135 жанар-жағармай бекетінің 61-і қалаға тиесілі. Ал, мұндағы кей май құю бекеттерінде аталмыш мұнай өнімдерін еркін саудаға шығару азайып, тұрғындар талонмен сатып алу жүйесі бойынша тұтынуда. Құзырлы мекеме өкілдері бұған еліміздегі ауқымды мұнай өнімдерін өңдеу зауыттарының жоспарлы жөндеуден өтуіне байланысты өз жұмыстарын уақытша тоқтатқандығы басты себеп болып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, тікелей Ресейден тасымалданатын жанар-жағармай мен дизель отындары бағасының қымбаттауы да оған кері ықпал етуде.

Аталмыш тақырып төңірегіндегі мәселелер өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында талқыланды. Онда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқарма басшысының орынбасары Азамат Досжанов тиісті орындар тарапынан бағаның шекті мөлшерден асып кетпеуі қатаң қадағаланып отырғандығын жеткізді.– ҚР энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, бұл жағдай Атырау мұнай өңдеу және Павлодар мұнай-химия зауытындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты орын алып отыр. Сол себепті бұл зауыттан шығарылатын жанармай көлемі қазіргі таңда Ресей Федерациясының Уфа, Омбы қалаларынан импортталуда. Дәлірек айтсақ, АИ-92 маркалы бензиннің 30, дизель отынының 15 пайызы сырттан тасымалдануда. Осыған байланысты қазір облыс аумағындағы бөлшек саудадағы мұнай өнімдері бағаларына күнделікті сараптама жүргізіліп отыр, – дейді басқарма басшысының орынбасары. Оның айтуынша, соңғы жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша өңірде АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы – 150,6, дизель отыны – 147,5 теңгеден сатылуда. Сонымен бірге, мұнай өнімдерінің қоры алғашқысыныкы – 2138,6, ал дизель отынының жинағы – 1258,8 тоннаны құрап отыр. Айта кетейік, энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес, аталмыш мұнай өнімдері тікелей қор ұстаушылар арқылы бөлінетін болып белгіленген еді. Сол себепті, бүгінде олардың бағалары тек нарықпен реттелуде.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
16 қазан 2017 ж. 1 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам