ҚАЗАҚ КИНОСЫ КӨШ БАСТАП ТҰР
«Бизнес по-казахски» кинокартинасының жалғасы ретінде түсірілген Нұрлан Қоянбаевтың “Бизнес по-казахски в Америке” фильмі көрсетілімге шыққан алғашқы аптада-ақ өз шығынын ақтап алды. Сөйтіп, аталмыш туынды елімізде ең көп қаралған кинофильмдер көшін бастады. Бұл жайында Қоянбаев: “Қазақ киносы тариxта алғаш рет шетелдік кинолардан озып, бірінші орынға шықты. Қолдауларыңызға рақмет, қазақ киносы жасай берсін” – деді.
“Бизнес по-казахски в Америке” кинокартинасы табысы бойынша, тіпті америкалық “Джуманджи” және ресейлік “Елки новые” фильмінен озып кеткен.