«БАСТАУ-БИЗНЕС» КӘСІПКЕРЛІКТІ ӨРІСТЕТТІ
Өткен жылдың наурызында Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқуға қатысатын 5 аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған), сондай-ақ қатысушылардың саны анықталып, оқу кестесі бекітіліп, тестілеу нәтижесін қарау және жобаларды қорғау жөніндегі комиссия құрылды.
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша жылдық жоспар 937 қатысушы, оның ішінде: Арал ауданы бойынша – 211, Қазалы ауданында – 222, Қармақшы ауданында – 107, Шиеліде – 202 және Жаңақорған ауданында 195 адам қатысты. Бүгінгі күні «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыту курстары толығымен аяқталды. Нәтижесінде, жылдық жоспар орындалып, 937 адам оқытылды. Оның ішінде бизнес-жоспарды қорғағаны 364 адам. Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқыту курстары өткізілді. Оған 1477 адам қамтылған.