АСХАТ ТАҒЫБЕРГЕН СӘТСІЗ ОЙЫН ҮШІН ЖАНКҮЙЕРЛЕРДЕН КЕШІРІМ СҰРАДЫ
- Құрметті "Қайсардың" жанашыр жанкүйерлері кешегі сәтсіз ойын үшін кешірім сұраймыз. Бұл біз үшін ауыр соққы болды. Келесі кездесуден бастап, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Әрине, өзімнің туған өлкеме қайтып келіп жатқаныма қуаныштымын. Өздеріңізге белгілі, биыл – “Қайсар” ФК-ның 50 жылдығы. Барлығымыз жақсы ойын көрсетіп, биік шыңдардан көрінуге ниеттіміз. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы айтқандай, 5-орын емес, одан да жоғары нәтиже көрсеткіміз келеді. Бар күшімді салып, 120% ойнауға тырысамын. Команда мені жылы шыраймен қабылдады. Біз қазір бір ұжымбыз, бір отбасымыз.
Айта кетейік, кеше қызылордалық "Қайсар" "Ақтөбенің" қосалқы құрамынан 0-1 есебімен есе жіберген болатын.