АЛЕКСАНДР БОРОДЮК ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк қызметінен кетті. Келісімшарт екі жақты келісім бойынша тоқтатылды деп хабарлайды kff.kz.
Қазақстан футбол федерациясы Александр Бородюкке атқарған жұмысы үшін алғыс айтады.
Александр Бородюк жаттықтырған уақытта еліміздің бас құрамасы жеті ойын өткізді. Оның біреуінде тең түсіп, алтауында жеңіліп қалды.
Ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің есімі алдағы уақытта жарияланады.