ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНА ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Ресейлік жаттықтырушы Александр Бородюкті болгарлық Станимир Стоилов алмастырды.
51 жастағы маман қазақстандық футбол сүйер қауымға кеңінен танымал. Стоилов 2014 жылдан бері «Астана» командасын жаттықтырып, ішкі және халықаралық ареналарда команданы жеңіске жеткізді.
Стоиловтың ұлттық командалармен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. 2007 жылы бірінші Болгария құрамасының бас жаттықтырушысы міндетін атқарды. 2009-2010 жылдары өз мемлекетінің бас ұлттық жаттықтырушысы болды.
Baq.kz