Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

    Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Атқару  парақтарының орындалуы»  тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға судья Д.Алиев, Қызылорда облыстық прокуроратурасының басқарма прокуроры Ф.Ұзақов, Қызылорда қаласы әкімшілік айыппұл өндіру және мүлікті мемлекет пайдасына тәркілеу бөлімінің аға сот орындаушысы Д.Шушаева, жеке сот орындаушылар Қ.Көпжасаров, А.Демесинов, ЗК-169/5 мекемесінің бухгалтері Г.Тлегенова және сот қызметкерлері қатысты
Дөнгелек үстел барысында бас маман Р.Хизатова баяндама жасады. Баяндамада қаралған істер бойынша «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы  жеке сот орындаушылардың өңірлік палаталарына орындауға жолданған атқару құжаттарының жолданып, олардан белгісіз себептермен тіркелмей қайтарылғаны туралы ақпараттар айтып, істер бойынша мысалдар келтіріп, атқару парақтарының орындалуы бойынша деректер айтылды.
Іс шараға қатысушылар тақырып бойынша мәселелерді қызу талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын айтты. 
Төрағалық етуші судья Д.Алиев дөңгелек үстел жұмысын қорытындылап, қатысушыларды атқару парақтарының орындалуына бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының  баспасөз  қызметі
14 наурыз 2018 ж. 1 562 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам