ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Үш тілде білім беру» – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы» -деп атап көрсеткен.
Осы бағытта үштілділік саясатының насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №1 мектеп-гимназия базасында «Үштілді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Аталған шараға 5 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар мақал-мәтелдер, жұмбақтар жасырын қалған сөздерді тауып үш тілде аударма сөздерін жасады. Интербелсенді тақтаны қолдана отырып, электронды ойындар арқылы қызықты ойындар ойнатылды. Сергіту мақсатында караоке арқылы ағылшын тілінде әндер шырқалды. Дөңгелек үстел соңында «Полиглот» сайысы өткізілді.