САМБОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ
17-18 наурыз аралығында Қызылордада самбодан жастар арасында ҚР чемпионаты өтеді. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен 1998-1999 жылдары туылған 400-ге жуық жас спортшы қатысады деп күтілуде.
Жарыс ұлдар арасында 10 салмақта (48, 52, 57, 62, 68, 74, 82, 90, 100, +100 келі), қыздар арасында 10 салмақта (44, 48, 52, 56, 60, 64, 68, 72, 80, +80)өткізіледі.
Ел чемпионатында топ жарып, жеңімпаз атанған спортшыларға «Спорт шебері» және күміс пен қола жүлде иегерлеріне «Спорт шеберіне үміткер» деген атақ беріледі. Сонымен қатар жеңімпаздар мамыр айында Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өтетін Азия чемпионатына және қазан айында Грузияның Тблиси қаласында болатын Әлем чемпионатына жолдама алады.
Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Спорт және дене шнықтыру істері комитеті, ҚР спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Ел чемпионаты 17 наурызда сағат 10.00-де «Евразия» спорт кешенінде басталады, 16.00-де салтанатты ашылуы өтеді.
Жерлестерімізге жанкүйер болып, спортшыларымызға қолдау көрсетіңіз, ардақты ағайын! Кіру тегін!