ДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛАДЫ
Үстіміздегі жылдың 7-8 қазан күндеріҚызылорда қаласында Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменов атындағы дзюдодан 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында халықаралық турнир өтеді.
Биыл 17-ші мәрте ұйымдастырылатын дүбірлі бәсекеге еліміздің облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 200-ге жуық татами шеберлері 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.
Жарыс ұлдар арасында 8 салмақта: 55, 60, 66, 73, 81, 90, 100, +100 келі, қыздар арасында 8 салмақта: 44, 48, 52, 57, 63, 70, 78, +78 келіде өтеді.
Дзюдодан жастар арасында облыстың аға жаттықтырушысы Қален Қалиұлының айтуы бойынша осы турнирде шеберлігімен көзге түскен балуандар ҚР спорт шебері нормативін орындауға ұпай жинайды.
Дүбірлі бәсеке 7 қазан сағат 10.00-де «Евразия» спорт кешенінде басталады.