ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ САМБОШЫЛАР АЗИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТТАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ!
Жамбыл облысы Тараз қаласында самбодан 2000-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында Сыр спортшылары 11 медаль иеленді. Жерлестеріміз 5 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль олжалап, жалпы командалық есепте екінші орынды еншіледі.
Жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және облыстардан 400-ге жуық самбошылар қатысып, өзара үздіктерді анықтады.
Самбодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Дархан Сержановтың айтуынша, жеңімпаз атанған спортшылар үстіміздегі жылдың мамыр айында Ұлан-Баторда (Моңғолия) Азия чемпионатына, қазан айында Тбилиси (Грузия) қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Жарыстар алдында сәуірде оқу-жаттығу жиыны болады.
Жеңімпаз спортшылар:
48 келі: Бибіхан Нәбиева (№1ОРМБЖМ), Дәулет Тұрғанов (№15ОРМБЖМ),
52 келі: Диана Ғайбулла (№8ОРМБЖМ),
70 келі: Аида Файзолла (№1ОРМБЖМ),
75келі: Арайлым Оразбай (ОСДБАМИ).
Күміс жүлдегерлер:
60 келі: Аружан Сатова (№1ОРМБЖМ),
+75 келі: Айдана Кенжебай (№1ОРМБЖМ).
Қола жүлдегерлер:
56 келі:Зульфия Баянова (№1ОРМБЖМ),
60 келі Нұршат Әбілтаев (№16БЖСМ),
65 келі: Ержан Аббазов (№15ОРМБЖМ),
87 келі: Еңбек Сақтағанов (ОСДБАМИ).
87 келі: Еңбек Сақтағанов (ОСДБАМИ).