Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МАҢҒЫШЛАҚ-АЛМАТЫ ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖОЛСЕРІКТЕРІ ЖОЛАУШЫ ӘЙЕЛДІ БОСАНДЫРЫП АЛДЫ

МАҢҒЫШЛАҚ-АЛМАТЫ ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖОЛСЕРІКТЕРІ ЖОЛАУШЫ ӘЙЕЛДІ БОСАНДЫРЫП АЛДЫ

   Маңғышлақ-Алматы бағытындағы пойызының жолсеріктері жолаушы әйелдің босануына көмектесті. Өзбекстандық әйел пойызда ұл баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жас ана Ақтаудан Ташкентке қарай жол жүріп бара жатқан. Жол ортасында әйелдің толғағы қысқан. Жолсеріктер оған барлық жағдайды жасаған. Сексеуіл станциясында дәрігерлер көмекке келген. Сөйтіп, жолсеріктер купесінде Дениз есімді ұл бала дүниеге келді. Қазір ана мен бала Аралдағы ауруханада жатыр. «Жолсеріктер болмағанда не істейтінімді елестете де алмаймын. Оларға алғыс айтып үлгермедім. Қазіргі сәтті пайдалана отырып оларға рақметімді айтқым келеді», – дейді жас ана. «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» филиалының директоры Асқар Шүкірбековтің айтуынша, пойыз басшысы Қобыланды Нысанбаев, жолсеріктер Нұрлан Сапаров пен Қалыбек Ерсапарға алғыс жарияланды.
15 наурыз 2018 ж. 2 041 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам