БИЫЛ “ҚАЗАҚСТАН АРУЫ-2018” БАЙҚАУЫНДА ТАБИҒИ СҰЛУЛЫҚҚА БАСА МӘН БЕРІЛЕДІ (ФОТО)
«Қазақстан аруы» байқауының қатысушылары 31 наурыз күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін басты сұлулық шарасына дайындалып жатыр. Қыздар осы уақытқа дейін ресми фототүсірілім мен видео-визитка жасатып үлгерген.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Биыл сән әлеміндегі беделді мамандардың бірі Марета Келигова фотограф қызметін көрсетті. Маретаның жұмыстары бұған дейін әлемдік журналдарға шыққанын айта кетейік. Келигова биыл қыздардың табиғи сұлулығына баса мән берілетінін атап өтті.«Бұрынғы образдарды артта қалдырдық. Енді жарқын кешкі көйлектер, бұйра шаш пен лентадан бас тартамыз. Барлық қатысушылардың макияжы да өте жеңіл, nude стилінде. Осылайша біз олардың жастығы мен табиғи сұлулығын көрсеткіміз келіп отыр. Сіздерге нәтижесі ұнайды деген үміттемін», – дейдң Марета Келигова.Байқаудың ресми стилисті, басты имидж-мейкері Айнұр Рыспекова да осындай пікірде. «Әр қыз сұлу және әрқайсысы жеңіске лайық. Расымен де негізінен табиғи сұлулыққа баса мән беріп жатырмыз. Біз денсаулық және спа клубы шаштараздарымен бірлесіп олардың табиғи сұлулығын көрсету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Нәтижесіне өздеріңіз де баға бере аласыздар», – деп атап өтті ол.