Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КОРЕЯ ЕЛІ ҚАЗАҚСТАНҒА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

КОРЕЯ ЕЛІ ҚАЗАҚСТАНҒА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

   Осы аптада Қазақстанға ресми іс-сапары аясында Корея республикасының депутаттары, Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Чон Сэ Гюннің бастауымен «Нұр Әлем», «Болашақ энергиясы» мұражайына келді. Оларға еліміздің басты көрікті нысанына экскурсия жасалды.
         Қазақстан жағынан қонақтарды ҚР Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко мен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Аллен Шәйжүнісов қарсы алды.
         Экскурсия барысында оңтүстік кореялық депутаттар жоғары баға берді. Чон Сэ Гюннің айтуынша, танымдық көзқарас жағынан «Нұр Әлемді» аралау өте пайдалы да, қызықты болды.
– Бұрын мен индустрия және энергетика министрі лауазымын атқардым. Сондықтан, біз дәстүрлі энергия көздеріне тәуелді болмай, «жасыл» технологиялар мен баламалы энергия көздерін дамыту және ілгерілетуді алға қоюмыз қажет. Мына бірегей мұражайды көріп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы елдермен бірге дұрыс бағытта келе жатқанын түсіндім, – деді оңтүстік кореялық Парламент спикері.
         Сондай-ақ, Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының төрағасы өз елінің ЭКСПО-2017 көрмесіне жіті дайындалып, «жасыл» энергетика саласындағы жаңалығын ұсынғанын айтып кетті.
– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық павильонымызға келгені біз үшін үлкен абырой. Астанада өткен көрменің Қазақстан экономикасының дамуына үлкен серпін беретініне сенімдімін, –деді Чон Сэ Гюн. Ал, соңында Аллен Шәйжүнісов келген меймандарға алғысын білдірді.
                                                                          Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
16 наурыз 2018 ж. 1 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам