Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КҮРЕ ЖОЛДАҒЫ СЕРВИС ҚЫЗМЕТІ ҚАНДАЙ?

КҮРЕ ЖОЛДАҒЫ СЕРВИС ҚЫЗМЕТІ ҚАНДАЙ?

 
Өңірлік коммуникациялар орталығының ұйымдастыруымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі бойында жол маңы сервисі кешенді нысандарын іске асыру туралы жұмыстармен жан-жақты танысу мақсатында баспасөз туры өткізілді.
– Халықаралық көлік дәлізі Қазақстанның 5 облысының аумағынан өтеді. Жалпы ұзындығы 2787 шақырым. Қызылорда облысы аумағында ол 812 шақырымға созылып жатыр. Жолдың 246 шақырымы бірінші, 566 шақырымы екінші техникалық санатына жатады. Жол маңы сервисі нысандарын салу үшін 41 орын айқындалды. А, В, С, Д санаттағы сервистік қызмет көрсету нысандарының орналасуы ҚР ұлттық стандартына сәйкес жасалып бекітілді. Бүгінгі күні 16 жол сервис нысаны пайдалануға берілді. Барлығы халық талабына сай салынып, ел игілігіне жұмыс жасауда, – дейді ұлттық компания АҚ облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрбол Абызбаев.
Жеке кәсіпкер Гүлмира Медеуова басқаратын Шаған ауылы іргесінде орналасқан шағын «Керуен» кешені заман талабына сай салынған. Мұнда қонақ үй, кафе, авто жанармай құю станциясы, медициналық жәрдем көрсету пункті қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Аймақ журналистері аялдаған кешенде келімді-кетімді шетел азаматтары көптеп саналады. Сондай жолаушының бірі – Евгений Николаевич:
– Қуанарлығы – жолдың сапалы салынғаны. Бұл – біздер үшін өте ыңғайлы әрі тиімді. Жұмыс барысымен өңірлеріңізден жиі өтіп тұрамыз. Инфрақұрылымды дамытып игілікті істер атқарылып жатқаны мемлекет басшысының ерен еңбегі екені айқын. Басқа елдермен салыстырғанда сіздерде көп артықшылықты байқаймыз. Тағы бір ерекше атап өтерлігі – халқы өте қонақжай. Ұлттық тағамдары да тіл үйірер дәмді. Тапсырысты тез әрі сапалы етіп орындайды. Барлығы үшін рахмет айтқым келеді, – дейді бізге берген сұқбатында.
Осы бағытта келер жылы 5 автожанармай құю станциясының құрылысы жоспарлануда. 2018-2019 жылдары А санаты бойынша – 2, В санаты бойынша – 3, С санаты бойынша – 5 жол сервисі салынады деп күтілуде.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.
Суретті түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ.
17 қазан 2017 ж. 1 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам