Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СОЛ ЖАҒАЛАУ

СОЛ ЖАҒАЛАУ


Сәулеті сәнді сол жағалау... Иә, дария жағасынан тағы да жаңа шаһар салынуда. Мұндағы тұрғын үйлер де, зәулім ғимараттар да, әртүрлі нысандар да бәрі-бәрі жаңаша болмақ. Бұл керемет көрініске қарап тұрып, ерекше сезімге бөленетініміз анық. Кезінде қазақ зиялылары қоныс тепкен киелі орда осылайша замана заңымен үндесіп, көркіне көрік қосып келеді. Жақсылардың басын қосқан, ырыс пен дәулет қонған, сәулеті жарасқан қасиетті мекенге айналуда.
Бүгінде қаланың даму жоспарына сәйкес, осы мақсатқа арнайы 1532 гектар аумаққа барлық талаптарға сай заманауи үлгідегі жаңа шаһар тұрғызу жобасы қолға алынды. Маңызды жобаның алғашқы қадамы басталды.
Аталмыш аумақ 15 ауданнан тұрады. Атап айтқанда, онда тұрғындарға арналған 11 аудан, 1 индустриалдық аймақ, 3 ірі парк пен жасыл желекті аймақ қарастырылып отыр. Жалпы, сол жағалауды кешенді игерудің алғашқы кезеңі 2017-2024 жылдар аралығына белгіленген. Десе де, бұл бағыттағы жұмыстар мерзімінен бұрын басталды. Дәлел ретінде өткен жылы пайдалануға берілген Сырдария өзенінің екі жағалауын байланыстыратын көпірді айтып өтуге болады. Биыл да бұл іс өз жалғасын тапты. Ағымдағы жылы мұнда тұрғын үйлер мен балабақша іргетасы қаланды.
Келер жылы республикалық бюджет есебінен тағы бір балабақша, мектеп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 500 келушіге арналған емхана құрылысын жүргізу де жоспарда бар. Оған қоса жастардың жан-жақты даму мәселелерімен айналысатын жастар орталығы, неке сарайы, «Болашақ» университетінің студенттер қалашығы, онкологиялық орталық салынады.
Сондай-ақ, Алаштың анасы атанған Сыр елінің өткенінен сыр шертер, Қазақ Орталық Атқару комитеті мұражайының ғимараттары бой көтереді. Аймақ басшысының айтуынша, мұнда салынатын музеймен бірге Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыратын облыстық рухани жаңғыру орталығы қатар жүзеге асырылады. Қазақ халқының өсіп-өркендеуіндегі арадағы бір ғасырлық уақыт осылайша бір-бірімен сабақтасып, рухани жалғасын таппақ.
Қазіргі күні онкологиялық орталықтың жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, «Тұрғын үй құрылысы комбинаты» өнімдерін пайдалана отырып салынатын, сол жағалаудағы 50 пәтерлік арендалық тұрғын үйлердің жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге облыстық бюджеттен қомақты ақша бөлінді. Бұдан бөлек 60 пәтерлік 3 арендалық тұрғын үйдің құжаттарын мемлекеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге қосымша тағы да қаржы қаралып отыр. Көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қала орталығындағы жаңа көпірден бастап «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автомобиль дәлізіне дейінгі аралықты жалғайтын 5 шақырымдық магистралдық көше, сонымен бірге ұзындығы 7,8 шақырым болатын Сырдария өзенінің бойынан жағалау құрылысы жүргізіледі.
Оған қоса жақында сол жағалаудан «Болашақ» университеті студенттер қалашығының іргесі қаланды. 10,8 гектар аумақты алатын қалашық ішінде 12 қабатты әкімшілік ғимарат, оқу корпустары, колледждер, студенттер сарайы, балабақша, дендросаябақ пен мегаорталық орналасатын болады.


Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.


03 қазан 2017 ж. 2 996 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам