Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МИНИСТРЛІК ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ НАҚТЫ САНЫН ХАБАРЛАДЫ

МИНИСТРЛІК ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ НАҚТЫ САНЫН ХАБАРЛАДЫ

   Қазақстан халқының нақты қанша екені жарияланды.

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың 1 ақпанындағы дерек бойынша, еліміздегі халық саны 18 177,7 мың адамға жетті. Олардың 10 439,6  мың (57,4%) – қала халқы, 7 738,1 мың адам (42,6%) – ауылдықтар. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда халық саны 240,6 мың адамға, яғни 1,3%-ға өсті. 2018 жылғы қаңтар айында– 33,3 мың бала өмірге келді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға көп. Жалпы халықтың табиғи өсімі 2,5 мың адамға артты. Бұл 21,5 мың адам санын құрайды. Өкінішке қарай, 2018 жылдың қаңтар айында 317 нәресте мерт болған. Соның салдарынан 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны былтырғы жылға қарағанда  7,1%-ға көп. “Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі – перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, мұның кесірінен биыл қаңтар айында 146 нәресте қайтыс болған. Туа біткен ауытқулардан 64 немесе 20,2%, тыныс органдары ауруларынан – 29 немесе 9,1% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 11 немесе 3,5% нәресте қайтыс болды”, — делінген хабарламада.
http://stan.kz
16 наурыз 2018 ж. 1 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам