Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕМҚОРЛЫҚ БОЙЫНША 92 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ ӨНДІРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕМҚОРЛЫҚ БОЙЫНША 92 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ ӨНДІРІЛДІ

 Өткен жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша айыппұл жазасы 22 адамға тағайындалып, 92 005 700 теңге өндірілді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап.
Қызылорда қаласының №2 сотының өндірісіне 2017 жылы 845 қылмыстық іс түскен, алдыңғы жылмен салыстырғанда 114 іске көбейген.   Өткен жылы 949 адамға қатысты 806 қылмыстық іс қаралған, 500 қылмыстық іс бойынша 556 адамға айыптау үкімі қабылданып, 13 адам ақталды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша айыппұл жазасы 22 адамға тағайындалып, 92 005 700 теңге өндірілген. Бұл туралы қалалық №2 сотының төрағасы Айбек Әбу баспасөз мәслихатында хабарлады.    - Өткен жылдың бесінші желтоқсанында бұрынғы көлік прокуроры Нұрлан Серікбаевқа қатысты үкім шықты. Ол өзінің қызметін асыра пайдаланып, жеке кәсіпкерді қылмыстық жауапкершілікке тартпай, «мұнай бизнесінің» заңсыз айналымына «қамқорлық» жасаған. Алайда «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес, ауырлығы орташа қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға тағайындалған жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Сотталушыға екі жылға пробациялық бақылау белгіленіп, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда 140 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды, - деді №2 қалалық сот төрағасы.   Айта кету керек, 2017 жылы ұрлық, алаяқтық, қарақшылық және қорқытып алу секілді мүліктік және бұзақылық пен дене жарақаттарын салу қылмысы көп тіркелген. 168 қылмыстық іс сотталушының жәбірленушімен татуласуына және келтірілген залалды өтеуіне байланысты медиация тәртібімен аяқталған, былтырғы жылмен салыстырғанда бұл әдістің қолданылуы 100 іске, яғни 2,5 есеге көбейген.

http://www.inform.kz
25 қаңтар 2018 ж. 1 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам