МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮНДЕР АТАЛЫП ӨТЕДІ

Жалаңтөс батыр мен Басықара бабаның мерейтойлары осы жылғы 25 қазанға белгіленді. Осы күні Шәкен ауылындағы жаңа мектеп те салтанатты түрде ашылмақ.
Ал Ү.Түктібаевтың 100 жылдығы мен Қазалы қаласының 150 жылдық мерейтойлары осы жылғы 29 қазанға белгіленді. Осы күні облыс әкімінің қатысуымен көптен күткен «Әлсейіт» учаскесіндегі темірбетон көпірінің іргетасы қаланады.