Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІР АПТАДА 900-ГЕ ЖУЫҚ АНА БАЛА ТУҒАННАН КЕЙІНГІ ҚҰЖАТТАРДЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕДІ

БІР АПТАДА 900-ГЕ ЖУЫҚ АНА БАЛА ТУҒАННАН КЕЙІНГІ ҚҰЖАТТАРДЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕДІ

  2017 жылғы 29 желтоқсанда бала тууға байланысты мемлекеттік қызметті проактивті тәсілмен ұсыну бойынша пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Содан бергі уақытта 900-ге жуық ана арнайы SMS арқылы нәрестесін тіркеу қызметін пайдаланған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Азаматтар мен мемлекет қарым-қатынасының жаңа нұсқасы болып саналатын бұл жобаға сәйкес мемлекет халықты олардың қажеттіліктерін алдын-ала болжап, тиісті қызметтер және сервистермен дер кезінде қамтамасыз етеді.
Алғашқы кезеңде проактивті принцип адамның өмірге келуіне қатысты қызметтер бойынша жүзеге асырылды. Жаңа босанған анаға автоматты түрде оның сәбиіне беретін аты-жөні сұратылған хабарлама келеді.
Басқа мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады.
Проактивті қызметке қол жеткізу үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Ол үшін азаматтар порталдағы жеке кабинетінде телефон нөмірін жеке сәйкестендіру нөміріне байланыстырып қоюлары тиіс. Оны азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторын пайдаланып, қажет болған жағдайда оператордың кеңесіне жүгіну арқылы жасай алады.
Бүгінгі таңда 4 мыңдай әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, телефонның көмегімен бала тууды тіркеуге ұсыныс жасалды. Алайда тек әрбір 6-шы әйел ғана мұндай мүмкіндікті пайдаланған.

Дереккөз: baq.kz
11 қаңтар 2018 ж. 1 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам