ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

Шараға келіп, ағаш отырғызған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев күн мен түннің теңеліп, тіршілік біткеннің жаңадан оянатын тұсы болып есептелетін Наурызда ағаш отырғызуды ежелден халқымыз игі дәстүрге айналдырғанын еске салды. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз осыдан қалған болуы керек. Сондай-ақ наурызда көзі ашылған бұлақтың суы сарқылмайды, ал егілген талдың саясы мен жемісі мол болады деп сенген. Сондықтан отырғызылған ағаш көшеттерін көздің қарашығындай сақтап, баптап-күту де ерекше маңызды.