КӘСІПКЕРДІ ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРУ АЗАЙДЫ
Өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде 168 сауда орнынан 2226 өнім сынамадан өткізілді. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлболсын Аханаева мәлімдеді.
Тексеру нәтижесінде 48 өнім техникалық регламенттер талапатарына сәйкес келмеген. Аталған кемшіліктерге сәйкес 16 нысанға ҚР-ның халықтық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөнінде нұсқамалар берілді. Нысандарды қайта тексеру нәтижесінде ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабының 1 бөліміне сәйкес 5 нысанға жалпы сомасы 158830 теңге айыппұл салынды.
– Кәсіпкерлердің жұмыстарына жоспарлы тексерулер азайып, оның орнына камералық бақылау жүргізіледі. Егер халықтан қоғамдық нысандарға байланысты шағым-арыздар келіп түссе, міндетті түрде кезектен тыс тексеру жүргізіледі, – деді Ұ.Аханаева.
Фариза МАДИЯРОВА,
ҚМУ-дің IV курс студенті.