Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ БЮДЖЕТТІ ҚАДАҒАЛАЙДЫ

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ БЮДЖЕТТІ ҚАДАҒАЛАЙДЫ

   Биылғы жылдан бастап облыстағы 65 ауылдық елді мекенде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеттер құрылды. Бұл жөнінде облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимов пен облыстық арнайы мониторинг топ басшысы Анар Ізден мәлімдеді.
Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 98 қадамына сәйкес облыстық, ауылдық елді мекендерде дербес бюджет іске асырылуда. Осыған сәйкес «Қоғамдық бақылау картасы» атты жоба әзірленді. Ол  3 тәсіл арқылы, яғни әлеуметтік желілер мен телефон байланыстарын пайдалану, екіншісі азаматтарға арналған «Qamqor» қосымшасы және аудандарда құрылған арнайы мониторингтік топтар арқылы бақылануда.
– Қоғамдық бақылау картасы жобасының маңызы зор. Оның басты мақсаты – жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы. Осы жұмыстарға сәйкес барлық аймақтарда арнайы мониторинг топ құрылып өз жұмысын жасауда, – дейді Анар Ізден.
Фариза МАДИЯРОВА,
ҚМУ-дің IV курс студенті.
13 наурыз 2018 ж. 1 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам