Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КІТАП СӨРЕСІ ТҮРІНДЕГІ ЕРЕКШЕ АЯЛДАМА

КІТАП СӨРЕСІ ТҮРІНДЕГІ ЕРЕКШЕ АЯЛДАМА

   Өскеменде үлкен кітап сөресі түріндегі ерекше аялдама салынған. Аялдаманың сыртқы көрінісі ғана ерекше емес, онда қалалықтар автобусты күтіп тұрғанда уақытын пайдалы өткізе алады. Ерекшелігі сол – кешенде кітап сөресі бар.
“ Алғашқы даналарын өзіміз алып келдік.  Халық бұл кітаптарды алып кете алады, бірақ оқыған соң қайтарады деген үміттеміз. Бастысы кітап сөресі бос болып қалмағаны”, – дейді А.Пушкин атындағы кітапхананың өкілдері.
        Мұндай кітап алмасу Еуропада кең қолданыста. Мұның аты – кроссбукинг. Ұйымдастырушылар бұл туралы өскемендіктер де біліп, қолдана бастайды деп есептейді.
Сонымен қатар, аялдама қабырғасынан түрлі туындының QR-коды болады, оны телефонға жүктеп алуға болады. “Аялдама кешенінде Wi-Fi және ыңғайлы орындықтар бар, сондықтан мұнда адамдарға ыңғайлы болады деп ойлаймын”, – дейді “Кітапхана аялдамасы” идеясының авторы Райхан Алханова. Бұл идеяны студент қыз бір ай бұрын қала әкіміне ұсынған.
                                                                                                            Айтолқын АЙТЖАНОВА.
26 наурыз 2018 ж. 1 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам