Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АСТАНА МЕН СОЛТҮСТІК ОБЛЫСТАРДЫ ГАЗДАНДЫРУ ҚЫЗЫЛОРДАДАН БАСТАУ АЛАДЫ

АСТАНА МЕН СОЛТҮСТІК ОБЛЫСТАРДЫ ГАЗДАНДЫРУ ҚЫЗЫЛОРДАДАН БАСТАУ АЛАДЫ

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қараөзек – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана газ құбыры жүргізіледі. Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру алдағы 1 жарым жылда жүзеге асады. Нәтижесінде 2,7 миллионға жуық адам табиғи отынның игілігін көреді. Сондай-ақ, бұл жоба Астанадағы ауаға тарайтын зиянды заттардың көлемін алты есеге азайтып, бас қаланың экологиялық ахуалының жақсаруына әсер етеді.
Қызылордадағы «Қараөзек» компрессорлық стансасы өткен жылдың соңында іске қосылды. Оның құрылысы Астана қаласы мен солтүстік өңірлерді газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының 944 шақырымында орналасқан станса өткен жылы сәуірде Ақтөбе облысында пайдалануға берілген «Бозой» станциясымен қосарлы жұмыс істеуге арналған. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 1534 шақырым, оның 180 шақырымы Қызылорда облысы аумағынан өтеді. Станса «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбырының өткізгіштік қабілетін 10 млрд.текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаның бірінші кезеңінде Астана қаласы, Қарағанды облысы және Ақмола өңірінің оңтүстік аудандары газдандырылмақ.
26 наурыз 2018 ж. 1 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 258 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам