«АЗАМАТ» КОМАНДАСЫ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
24-25 наурыз күндері «Евразия»спорт кешенінде жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өткізілді.
Турнирді ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы, Б.Шалғынбаев атындағы қор.
Биыл жиырма екіншімәрте ұйымдастырылған турнирге Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 19 команда қатысты.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қызылордалық«Азамат» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда «Зенит» командасын ұтты.Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:3 болды.
Үшінші орынды «Ынта», төртінші орынды «Олимпик» командалары еншіледі. Айта кетейік, жүлделі орындарды Қызылорда облысының командалары алды.
Турнирде «Үздік қорғаушы» номинациясымен Қанат Жұмабеков («Азамат» командасы), «Үздік қақпашы» - Кирилл Ермолов («Ынта» командасы), «Үздік шабуылшы» - Андрей Шлема («Зенит» командасы), «Мерген ойыншы» - Дмитрий Давыдов («Олимпик» командасы), «Үздік ойыншы» - Нұрәлі Байдулла («Азамат» командасы)марапатталды.
Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командаларынаақшалай сыйлықтар, кубок, алғыс хаттар берілді.