ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛ БИЛЕРІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ
2018 жылдың 1 сәуірі күні «Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің кубогы үшін бал билерінен «QYZYLORDA OPEN-2018» халықаралық турнирі өтеді. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР ұлттық билері кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылатын турнир Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 2 ғасырлық мерейтойына арналған. Ұйымдастырушы – облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара мемлекеттік жастар саясатаның 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру, өңірде бал билері өнерін дамыту, өскелең ұрпақтың шығармашылығын шыңдау және талантты қыз-жігіттерді қолдау мақсатында өтеді.
Турнирге ТМД елдері мен республиканың өзге облыстарынан барлығы 800-ге жуық адам қатысады. Мәселен, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, сондай-ақ Астана, Тараз, Шымкент, Қарағанды және т.б. қалалардан келген өнерпаздар бақ сынайды.
Сайыскерлердің өнерін Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы, барлығы 24 төреші бағалайды.
Турнирді тамашалау тегін.
«QYZYLORDA OPEN-2018» турнирінің бағдарламасы
Өтетін күні. 2018 жылдың 1 сәуірі
Уақыты: басталуы сағат 10.00
Орны: «Евразия» спорт кешені
10.00 – балалар тобы
13.30 – балалар тобы
16.00 - балалар тобы
19.00 – жасөспірімдер тобы мен ересектер
Марапаттау рәсімі