Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЛДЫҚСЫЗ ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН

ҚАЛДЫҚСЫЗ ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН

   Елбасы экономикамыздың негізгі қозғаушы күші – кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріп, мемлекет тарапынан осы саланы қолдауға бар мүмкіндіктер жасалуда. Биыл Қызылорда облысы бойынша жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жарияланғаны белгілі.
Осының нәтижесінде біздің өңірде айтарлықтай оң өзгерістер бар. Былтыр қалада 25 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрғандардың тең жарымы Қызылорда қаласының үлесінде. Жыл көлемінде қала кәсіпкерлерінің қаражаты есебінен жалпы құны 6 млрд. 465 млн. теңгені құрайтын 176 нысан іске қосылып, онда жаңадан 1760 жұмыс орны ашылды.
Бізде халық тұтынатын тауар дайындап жатқан кәсіпорындар қатары көбейді. Солардың бірі – қап зауыты қалдықсыз өнім өндіреді. Өндіріс ошағы күніне 35-40 мың қап тоқиды. Отандық өнімнің әлеуетін арттырғысы келетін кәсіп иелерінің басты мақсаты – сырттан келетін тауарларды ығыстырып, өнімнің қолданыс аясын кеңейту.
«Полимер Продукт» ЖШС басшылары бұл бизнесті қолға алмас бұрын нарықты зерттеп барып, іске кіріскен. Бизнестің қыр-сырын зерттеген кәсіп иесі ғана сол жеке ісінің нәсібін көре алады. 2016 жылы іске қосылған зауыттың негізгі қызметі – халық тұтынатын тауарлар әзірлеу. Оның ішінде полипропиленнен әзірленген қаптарды тоқиды. Қап шығаратын зауыт өніміне сұраныс жоғары.
– Қазіргі таңда еліміздің нарығында полипропиленнен жасалған қапқа сұраныс бір айға 80 млн. дананы құрап отыр. Осы сұраныстың 40 пайызын еліміздегі зауыттар қамтуда. Оның қалғанын шекаралас елдерден алдыртуда. Алғаш ашылғанда бірінші қабатта ғана жұмыс жасайтынбыз. Бүгінде ғимараттың екінші қабатын да іске қосып жатырмыз. Қосымша құрылғылар жеткізілуде. Жақын арада толық қуатта еңбек етеміз, – деді зауыттың өндірістік директоры Жалғас Тұяқбайұлы.
Мамандардың айтуынша, полимер шикізатынан жасалатын қапты даярлау 5 сатыдан тұрады. Алдымен жіп иіріледі. Дайын жіптен қап тоқылады. Одан әрі оны өлшеміне қарай кесу, тігу, тапсырыс берушінің логотипімен басып шығару жүргізіледі. Барлығы тапсырыс берушінің қалауы бойынша жасалады.
Сондай-ақ, зауытта түрлі-түсті логотипті басып-шығару цехы да іске қосылған. Одан бөлек бұл жерде қаптың ішіне целофан қосып тігетін цех бар. Күніне 35-40 мың қап әзірлейтін өндіріс орны бірнеше ірі компаниялармен келісім-шарт жасасқан. Тәулігіне 2 ауысымда тоқтаусыз жұмыс істейтін кәсіпорында 70-ке жуық адам еңбекпен қамтылған. Алдағы уақытта зауыт басшылығы екінші қабатты түгелдей іске қосып, кәсібінің ауқымын кеңейту керектігін көздеп отыр.  
                                                                                        Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
27 наурыз 2018 ж. 1 077 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 433 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам