ҚАП ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ БАР

«Полимер Продукт» ЖШС басшылары бұл бизнесті қолға алмас бұрын нарықты зерттеп барып, іске кіріскен. Бизнестің қыр-сырын зерттеген кәсіп иесі ғана сол кәсібінің нәсібін көре алады.
2016 жылы іске қосылған зауыттың негізгі қызметі халық тұтынатын тауарларды әзірлеу. Оның ішінде полипропиленнен әзірленген қаптарды тоқу. Бүгінде қап шығаратын зауыт өніміне сұраныс жоғары.
Мамандарының айтуынша, полимер шикізатынан жасалатын қапты даярлау 5 сатыдан тұрады. Алдымен жіп иіріледі. Дайын жіптен қап тоқылады. Одан әрі оны өлшеміне қарай кесу, тігу, тапсырыс берушінің логотипімен басып шығару жұмысы жүргізіледі. Барлығы тапсырыс берушінің қалауы бойынша жасалады.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.