Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ЖОЛДАУ ЖОЛЫМЕН БІЛІМ БИІГІНЕ»

«ЖОЛДАУ ЖОЛЫМЕН БІЛІМ БИІГІНЕ»

   Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қала ұстаздарының арасында кеңінен насихаттау мақсатында  білім қызметкерлерінің арасында «Жолдау жолымен білім биігіне» тақырыбында үгіт-насихат бригадалар байқауының ақтық сыны өтті. Байқауды Қызылорда қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитеті ұйымдастырған.
51 мектептің ішінен ақтық сынға 8 мектеп өтіп, өз өнерлерін ортаға салды. Жолдауда көрсетілген 10 басым бағытына баса назар аударып, рухани жаңғырудың бағыттарын жан-жақты талқылап, мазмұны мен формасы жағынан мағыналы, қызықты әрі тартымды етіп насихаттады.
26 наурыз күні оқушылар сарайында ақтық сынға түскен 8 мектеп өнерлерін ортаға салды. Байқауға қатысқандар қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің «Дипломдары» мен сыйлықтарына ие болды.
Ал, «Ең үздік үгіт бригада» жеңімпазы қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының «Жаңа ғасыр» командасына бұйырды.
"Үздік насихаттаушы» номинациясымен №235 орта мектептің «Ұлы дала жастары», «Үздік PR топ» номинациясымен №278 орта мектептің «Жастар» командасы, «Ең үздік әуенді ұжым» номинациясымен №189 орта мектептің «Жаңашыл ұстаз», «Үздік сценарий» номинациясымен №101 мектеп-лицейдің «Жібек жолы» командасы, «Шығармашыл топ» номинациясымен №3 мектеп-лицейдің «Он міндет белесіндегі жастар» командасы марапатталды.
                                                                                  Айтолқын АЙТЖАНОВА.
28 наурыз 2018 ж. 1 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам